Үштерек орта мектебінің педагогтерімен мектеп психологі А.К.Касимова 2023 жылдың 3 қараша күні педагогтердің эмоционалды күйінудің алдын алу мақсатында «Бірге біз күшпіз!» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді. Педагогтердің жағымсыз психоэмоционалды күйін реттеу дағдысын қалыптастыру мақсатында эмоция түрлерімен танысып, кәсіби жанған педагог кейпін бейнелеп талқылады. Тренинг соңында кері байланыс жасалынып, өз ұсыныстарын білдіріп, шаршаудан арылудың 5 жолымен танысып, жаднамалар таратылды.