2023 жылғы 9 қарашада Үштерек ауылының орта мектебінде полиция инспекторы Дербисов А., учаскелік инспектор лейтенант Әділхан Б. және мектеп педагог — психологы А.К.Касимова, әлеуметтік педагог А.Д.Кабылханова және педагогикалық ұжымының қатысуымен «Құқық бұзушылықтардың алдын алу, буллинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу» тақырыбы бойынша педагогикалық кеңес өткізілді. Педагогикалық кеңесте сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік, құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері, балалар мен жасөспірімдердің сыртқы және ішкі факторлардың дамуы мен мінез-құлқына теріс әсер ету мәселелері қаралды. Кәмелетке толмағандар арасында жол — көлік жарақаты мәселесі көтерілді. Көшеде балалар физикалық, психикалық, жыныстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болу қаупіне ұшырайды. Кәмелетке толмағандарды кез-келген зорлық-зомбылыққа төзбеушілікке тәрбиелеу бойынша ұсыныстар берілді.