Кім білмейді “Менің атым Қожаны”
Аңғал, тентек, зейінді сол баланы.
Сан мәрте рет оқып шықтық қайтадан,
Соқпақбаев салған жолды саралы.
Бердібек Соқпақбаевтың “Менің атым Қожа” повесі — жазушы шығармаларының ішіндегі бала жүрегіне жол тапқан үздік туындысы.
Балалар сүйіп оқитын шығарма бойынша мектеп кітапханасында 5 сынып оқушыларымен қызықты библиомикс өтті. Іс шара барысында жас оқырмандар шығарманы оқып, қандай әсер алды, не үнады, қандай сабақ алды, повесть кейіпкерлері және Қожаның қандай бала екені жөнінде жарыса талқылады. Шығарма бойынша оқушыларға қызықты сөзжұмбақтар, тестілер беріліп, ойын сұрақтар өткізілді. Оқушылар аса қызығушылықпен белсенді қатысты. Соңында кітапханашы балаларға тәтті сыйлықтар таратты, ал жас оқырмандар жақсы әсер алып, кітапханадан көтеріңкі көңіл күймен шықты.