2023 жылғы 21 желтоқсанда Үштерек орта мектебінде сағат 11.00-де Бірыңғай Құқықтық Білім сағаты өтті, Ақсу қаласының полиция майоры Бейсекеев Н.Т., 5 -11 сынып оқушыларына «Өмір қаіпсіздігін қамтамасыз ету» бейнеролигі көрсетіліп, құқықтық тақырыпта дәріс өткізді. Сонымен қатар, жолдағы қауіпсіздік» мәселесіне тоқталып, әр мектептің жанында жылдамдықты шектейтін жол белгілері, жаяу жүргіншілер өткелдері және жасанды кедергілер орнатылғанын айта кетті. 18 жасқа толмағандарға көлік құралын басқаруға заң жүзінде тыйым салынған, бұл үшін ата — аналарға айыппұл салынады және көлік айыппұл тұрағына қойылады деді. Көлік құралдарына: самокаттар, роликті коньки, скейтборд және адамдарды жылжытуға арналған электрлік құрылғылары жатады. Соңғы кездері өзекті мәселелердің бірі оқушылар арасындағы қудалау — буллинг көбейгенін ескертті. Кез келген құқыққа қарсы жасалған әрекет үшін заңнамалық жауапкершілік көзделген. Қолданыстағы заңдарға сәйкес 16 жасқа толған адам қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын айтты. Қазіргі қоғамның тағы бір теріс тренді — ол құмар ойындарға тәуелділік, оны бүгінде лудомания немесе құмаройындар деп атайды. Мұндай ойындарға ойын автоматтары, онлайн ойындар, ставкалар жатады. Бұл ойындар ауыр дертке алып келуі мүмкін деді. Оқушылар назар сала тындап, өздерінің қызықтырған сұрақтарына жауаптарын алды.