Үштерек ауылының орта мектебінде 6 маусымда ауыл әкімінің, учаскелік инспектордың қатысуымен жазғы кезеңде балалардың қауіпсіздігі және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында ата-аналарға кәмелетке толмағандардың автокөлік (мотоцикл, т.б.) басқармасына тыйым салу туралы жадынамалар таратылды.